Accessibility links

Иран: Дипломатқа террористік топ қол жұмсады


Полиция Иран дипломаты Рамин Мехманпарасты шерушілерден арашалап әкетіп барады. Нью-Йорк, 27 қыркүйек 2012 жыл.

Полиция Иран дипломаты Рамин Мехманпарасты шерушілерден арашалап әкетіп барады. Нью-Йорк, 27 қыркүйек 2012 жыл.

Тегеран террористік деп танылған "Муджахеддин-э Халк" ұйымын Нью-Йоркте өзінің дипломатына қол жұмсады деп айыптады.

Нью-Йорк полициясының дерегі бойынша, БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері жанына жиналған шерушілер Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Рамин Мехманпарасты балағаттап, қол жұмсаған. Ызалы топтан дипломатты полиция арашалап қалған. Ал бұл кезде Иран президенті Махмуд Ахмединежад БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұрған еді.

Шерушілер Ахмединежадтың режиміне қарсы шыққан.

АҚШ таяуда "Муджахмеддин-э Халк" тобын шетелдік террористік ұйым тізімінен шығаратынын мәлімдеген. Иран Вашингтонның бұл ниетін қатаң айыптады.

Рамин Мехманпараст бұған дейін Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі болған.
XS
SM
MD
LG