Accessibility links

Алмазбек Атамбаев қызметінен уақытында кететінін айтты


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев президенттік өкілеті аяқталған соң билікте қалуға тырыспайтынын мәлімдеді.

2017 жылы президенттік мерзімі аяқталатын Атамбаев Қырғызстанның жаңа конституциясына мойынсұнып, екінші мерзімге сайлауға түспейтінін айтты.

"Мен Асқар Ақаев пен Құрманбек Бәкиев жүріп өткен жолмен жүргім келмейді" деді Атамбаев.

Асқар Ақаев пен Құрманбек Бәкиев халық толқуларынан соң биліктен кеткен.
XS
SM
MD
LG