Accessibility links

Непалда ұшақ апатынан 19 адам қаза тапты


Апатқа ұшыраған ұшақ. (Көрнекі сурет).

Апатқа ұшыраған ұшақ. (Көрнекі сурет).

Непал астанасы Катмандудың маңында шағын жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Полицияның дерегіне қарағанда, ұшақта болған жолаушылар мен экипаж мүшелері - барлығы 19 адам қаза тапты.

Құрбан болғандардың 12-сі - Ұлыбритания мен Қытай азаматтары. 7 адамның төртеуі Непал азаматтары және үшеуі экипаж мүшелері.

Жеке әуе компаниясына тиесілі немістің Dornier шағын ұшағы Катманду әуежайынан бір шақырым қашықтыққа ұшып шыққан соң жерге құлап, жанып кеткен.

Апат себептері анықталып жатыр.
XS
SM
MD
LG