Accessibility links

Иракта түрмеге шабуыл жасалып, 15 адам қаза тапты


Бағдад маңындағы түрме, Ирак. (Көрнекі сурет).

Бағдад маңындағы түрме, Ирак. (Көрнекі сурет).

Ирактың Тикрит қаласында жұмаға қараған түні түрмеге шабуыл жасалып, 10 полицей мен 5 тұтқын қаза тапты.

Қарулы белгісіз топтың шабуылынан түрмеден 80-ге тарта тұтқын қашып шыққан. Мұнан соң қарулы топ пен қауіпсіздік күштері арасында атыс болған.

Бұған дейін "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Ирак ислам республикасы" деп аталатын топ құқық қорғау және сот органдарына, прокуратураның атына түрмедегі жақтастарының қашып шығуына әрекет ететінін айтып, ескерту жіберген.

Шілдеде исламшылдар Иракта "айырылып қалған территорияларын қайта бақылауға алу үшін жаңа іс-қимылдардың басталғанын" жариялаған.
XS
SM
MD
LG