Accessibility links

Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілге шықты


"Мунай Филд Сервис" жұмысшылары ереуілдеп тұр. Көрнекі сурет

"Мунай Филд Сервис" жұмысшылары ереуілдеп тұр. Көрнекі сурет

"Мунай Филд Сервис" компаниясының ондаған жұмысшысы 28 қыркүйекте кәсіпорынның жұмысын тоқтатып, қарыз айлық жалақыларын төлеуді және әлеуметтік жағдайын жақсартуды талап етті. Бұл туралы "Лада" газеті хабарлады.

Жергілікті басылымның ақпараты бойынша, наразылықтың тұтануына көктемнен бері жалғасып келе жатқан жалақы мәселесі мен компанияның жұмысшыларды жаппай қысқарту туралы жоспары себеп болған.

Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымов ереуіл туралы ақпаратты теріске шығарды. Оның айтуынша, әңгіме тек жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы «азғантай келіспеушілік» төңірегінде.

- Компания ішіндегі жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы келіспеушілікті шешу
үшін екі тарап келіссөзге отырды. Барлығы бүгінгі жұмыс күнінің соңына дейін
шешіледі, - деп мәлімдеді ол Азаттық тілшісіне телефон арқылы.

Жаңаөзен қаласы әкімінің айтуынша «Мұнай Филд сервис» компаниясы «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қызмет көрсететін жеке компания.

- Мен түске дейін барып сөйлесіп келдім. Қысқарту туралы әңгіме жоқ, - деді әкім.

Бұған дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ мердігері «Мунай Филд Сервис» жұмысшылары
24 шілде күні де наразылық танытқан еді. Ол жолы да әкімдік, кәсіподақ пен жұмыс
беруші қатысқан үш тарапты келіссөз өтіп, жағдай бейбіт түрде шешілген болатын.
XS
SM
MD
LG