Accessibility links

Тимошенко Украина халқын билікті құлатуға шақырды


Тимошенконың видеомәлімдемесінен алынған скрин-шот. 29 қыркүйек 2012 жыл.

Тимошенконың видеомәлімдемесінен алынған скрин-шот. 29 қыркүйек 2012 жыл.

Қыркүйектің 29-ы Харьков (Украина) қаласындағы ауруханада емделіп жатқан Украинаның бұрынғы премьері Юлия Тимошенко отандастарын алдағы парламент сайлауында қазіргі билікке қарсы дауыс беруге шақырды.

Тимошенко "Украинаны мафия басқарып отыр" деген. Бұл сөзін ол видеомәлімдеме түрінде таратқан.



Онда Тимошенко "Бүгін әрбір украиналық азамат Янукович құрған қылмысты мемлекетте тұрып жатыр және Украинада заңның орындалмайтынын өз көзімен көріп жүр" деген. Осылай айта келе, Тимошенко украиналықтарды сайлау болатын қараша айының 28-і күні билікті құлатуға шақырған.

Тимошенко қазіргі президент Януковичті айыптап: "Маған тек психологиялық және физикалық қысым жасалмайды. Өмірімді тозаққа айналдырды. Бұл - Януковичтің жеке жоспары" деп мәлімдеді.

2011 жылы маусымның 24-і күні Юлия Тимошенконың соты басталды. Оған "лауазымын асыра пайдаланды" деген айып тағылды. 2011 жылы тамыздың 5-і күні ол тұтқынға алынды.

2011 жылы 11 қарашада сот Тимошенконы айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды.

Юлия Тимошенко Харьков қаласындағы әйелдер колониясына жіберілген. Ол 2012 жылдың мамыр айынан бері осы қаладағы №5 ауруханада емделіп жатыр.
XS
SM
MD
LG