Accessibility links

Сирияның Алеппо шаһарында өрт шықты


Алепподағы орта ғасырлық базар өртеніп жатыр.
Алепподағы орта ғасырлық базар өртеніп жатыр.
"Сирия үкіметі мен көтерілісшілер арасында қарулы қақтығыс болып жатқан Алеппо қаласында өрт шықты" деп хабарлайды BBC. Таяу Шығыстағы ең көне базардың бір бөлігі өртеніп кеткен.

Ақпарат бойынша, тарихи құндылығы жоғары базардағы жүздеген дүкен жанып кеткен.

Алеппо - Сирияның ең ірі қаласының бірі. Ескі қалада тас көшелерге орналасқан, орта ғасырлық базар бар. Мұндағы үйлер де ескі заманда ағаштан қиылып жасалған. Бұл базар әлемге ортақ тарихи мұра ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген.

Ұйым өкілдері көне шаһарда болған өртті "қасірет" деп атады. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра орталығының директоры Кишор Рао: "Ескі қаланың өртенуі - үлкен шығын және қасірет" деп мәлімдеген.

Алеппо қаласында қазір Сирия үкіметіне қарсы көтерілгендер мен билік әскері соғысып жатыр.
XS
SM
MD
LG