Accessibility links

Жезқазғанда отыз шақты үйді су алды


Қарағанды облысына қарасты Жезқазғанда қаласында сел жүріп, Қостанкелді ықшам ауданында 32 үйді су алды деп хабарлайды Tengrinews ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға қыркүйектің 29-ы күні болған. Жезқазған қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мәліметі бойынша, топан су кезінде 2 адам - 1976 жылы туған әйел мен бес жасар бала қаза тапқан. Алғашқы мәліметтер бойынша, оларды тоқ соққан.

Су басқан аймақтан 55 адам көшірілген. Жеті адам құтқарылған. Жаңбыр суын басқа тарапқа ағызу амалдары жасалып жатыр.

Төтенше жағдай кезінде жұмысқа 35 құтқарушы мен тоғыз техника шыққан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG