Accessibility links

Ливия тұрғындары қаруларын тапсыруда


Триполиде тәртіп орнатып жүрген жасақ, 23 қыркүйек 2012 жыл

Триполиде тәртіп орнатып жүрген жасақ, 23 қыркүйек 2012 жыл


Ливия астанасы Триполи мен елдің шығысындағы Бенгази қаласында биліктің шақыруы бойынша жүздеген жергілікті тұрғын қаруларын тапсырып жатыр.

Тапсырылған қарулардың арасында винтовка, зениттік қару, зымырандармен қатар, танкілер де бар. Үкіметтің бағалауына қарағанда қазір екі жүз мыңға жуық ливиялық қолына қару ұстап жүр.

Ливия тұрғындарын қару тапсыруға шақырған үндеу Бенгази қаласында АҚШ консулдығына шабуыл жасалып, арасында АҚШ елшісі Кристофер Стивенс те бар, бірнеше адам қаза болған еді.

Ливияның уақытша басшысы Мұхаммед әл-Макриф Муаммар Каддафиге қарсы көтеріліс кезінде пайда болған қарулы топтардың барлығын тарататыны туралы уәде берген болатын.
XS
SM
MD
LG