Accessibility links

Грузияда парламент сайлауы басталады


"Грузия арманы" коалициясының жетекшісі Бидзина Иванишвили.
"Грузия арманы" коалициясының жетекшісі Бидзина Иванишвили.
Дүйсенбіде Грузияда парламент сайлауы болады. Сайлаудағы негізгі бәсекелестер - президент Михаил Саакашвилидің "Біріккен ұлттық қозғалысы" мен олигарх саясаткер Бидзина Иванишвилидің "Грузия арманы" деп аталатын коалициясы. "Біріккен ұлттық қозғалыс" қазір парламенттегі 150 орынның 80 пайызын иеленіп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, сайлаушылар арасында екі коалицияның да танымалдығы бірдей.

Михаил Саакашвилидің қарсыластары оны "билікті жеке дара иеленіп алды", "2008 жылы елді Ресеймен соғысқа киліктірді" деп айыптайды. Бірақ президент сайлаушыларды "эмоцияға емес, ақылына сүйеніп" дауыс беруге шақырды.

Грузияда қабылданған жаңа саяси басқару моделі бойынша, бұл жолғы сайлаудан соң Грузия парламенті мен премьер-министрінің өкілеті күшеймек.
XS
SM
MD
LG