Accessibility links

Ләйлә Храпуноваға іздеу жарияланды


Виктор Храпуновқа қатысты Интерполда жарияланған мәлімет. 22 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Виктор Храпуновқа қатысты Интерполда жарияланған мәлімет. 22 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың әйелі Ләйлә Храпуноваға қылмыстық кодекстің 177-бабы 3-тармағы "а" және "б" бөлімдері, 193-бап 3-тармағы "б" және "в" бөлімдері, 235-бап 1-тармағы бойынша ("ірі мөлшерде жасалған алаяқтық") күдікті деп танылып, іздеу жарияланды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыс агенттігінің ресми сайтында хабарланды.

63 жастағы Виктор Храпунов 2008 жылдан бері Швейцарияда тұрады. Храпуновтың өзіне сырттай айып тағылып, сот оны тұтқындауға ордер шығарған. Ал биыл ақпан айында оған халықаралық іздеу жарияланды.

2009 жылдың желтоқсан айында француздық «Билан» журналы Храпуновты Швейцариядағы ең дәулетті 300 адамның санатына қосқан.
XS
SM
MD
LG