Accessibility links

Венесуэлада оппозиция шеруге шықты


Венесуэла президенті, президенттіктен үміткер Уго Чавес.
Венесуэла президенті, президенттіктен үміткер Уго Чавес.
Венесуэла астанасы Каракаста жексенбіде біріккен оппозициядан президенттікке үміткер Энрике Каприлестің жақтастары сайлауалды шеруге шықты. Бақылаушылардың бағалауы бойынша, шеруге 200 мыңнан астам адам қатысқан.

Митингіде сөйлеген Каприлес елді 14 жылдан бері басқарып келе жатқан президент Уго Чавесті сынады. Ол 7 қазанда өтетін сайлауда "Венесуэла азаматтары зорлық-зомбылық пен мүдделердің өзара бақталастығын жеңеді" деді.

Митинг өтерден бір күн бұрын Баринас штатында белгісіз адамдар Каприлестің екі жақтасын өлтіріп кеткен еді.

Таяуда ғана қатерлі ісіктен емделіп, бірнеше операция жасатқан Уго Чавес те сайлауалды үгіт-насихатын белсенді жүргізіп жатыр. Ол ауруынан толықтай сауыққанын, сайлауда жеңіске жететініне сенімді екенін айтты.
XS
SM
MD
LG