Accessibility links

Кино импорттайтын компаниялар наразылық білдірді


Қазақстандағы шетелден кино өнімдерін прокатқа алатын компаниялар салықты екі рет төлеуге қарсылық танытты.

Алматыда өткен баспасөз жиынында "PROF - фильм", "Орталық Азия прокат компаниясы", "КиноПолис" компанияларының өкілдері мен кино саласының мамандары қатысты. Прокат компаниялары өкілдерінің айтуынша, кеден органдары сырттан әкелген кино өнімдеріне бұрынғы пайдалану хақын иелену үшін төлейтін салық түріне қоса тағы бір салық салып отыр.

Компания өкілдері кеден органдары бұған қоса компанияларды кедендік төлемдер мен басқа табыс салығын "уақытында төлемегені үшін" өсімақы төлеуге мәжбүрлеп отырғанын айтады.

Шетелдік кино өнімдерін прокаттаумен айналысатын компаниялар "кеден орындарының бұл әрекеттері Қазақстанда киноны жасырын жолмен таратуды, көлеңкелі экономиканы көркейтеді" деп санайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG