Accessibility links

Қазақстан Сочи олимпиадасына алғашқы жолдаманы ұтып алды


Сочи олимпиадасының ресми логотипі. (Көрнекі сурет).

Сочи олимпиадасының ресми логотипі. (Көрнекі сурет).

Қазақстан 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өтетін қысқы олимпиада
ойындарына алғашқы жолдаманы жеңіп алды. Бұл туралы Азаттық
тілшісіне Қазақстанның шаңғымен тұғырдан секіру федерациясының
президенті Андрей Вервейкин хабарлады.

"Қазақстан былтырғы әлем кубогы кезеңдеріне жиі қатысып, олимпиада
лицензиясына ие болды. Қазір бізде Сочи ойындарының бір жолдамасы
бар. Бұл жолдамамен қай спортшының олимпиадаға қатысатыны
алдағы уақытта шешіледі. Енді лицензия санын үшеуге жеткізсек деп
отырмыз" деді федерация басшысы.

Сочидегі қысқы олимпиада 2014 жылдың 7-23 ақпанында өтеді. Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстары 2013 жылдың қаңтарында басталды.
XS
SM
MD
LG