Accessibility links

Бангладеште діни сипаттағы тәртіпсіздік болып жатыр


Мұсылмандар қиратты делінген буддистік храмның орны. Бангладеш, 30 қыркүйек 2012 жыл.

Мұсылмандар қиратты делінген буддистік храмның орны. Бангладеш, 30 қыркүйек 2012 жыл.

Бангладештің оңтүстігінде діни сипатта туған тәртіпсіздіктер екі күннен бері жалғасып жатыр.

Бір топ мұсылман буддистер тұратын елді мекендерге шабуыл жасап, олардың үйлері мен буддистік храмдарды өртеді. Тәртіпсіздік кезінде 20 адам зардап шекті.

Діни сипаттағы толқуларға Facebook желісінде өртенген Құранның суреті жарияланғаны түрткі болған. Әлеуметтік желіге оны буддизмді ұстанатын жас жігіт салды деген жорамал бар. Күдіктіге полиция күзет қойған.

Бангладеш үкіметі тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларды айыптады.

Буддистер Баншладештің 150 миллион халқының 1 пайызын ғана құрайды.
XS
SM
MD
LG