Accessibility links

Владислав Челахқа айып тағылды


Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.

Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.

"Арқанкерген" бекетіндегі 14 шекарашы мен орманшының өліміне кінәлі деп қамауға алынған Владислав Челахқа бүгін қылмыстық кодекстің 8 баы бойынша айып тағылды. Бұл туралы оның адвокаты Төлеген Берліқожановқа сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, Талдықорғанның тергеу изоляторында Челахқа "екі және одан да көп адамды өлтірді", "әскери қызметтен қашты", "әскери мүлікті зақымдады", "әскери қаруды ұрлады", "орманшы мен командирдің жеке мүлкін ұрлады" және "бөтен кісінің үйіне заңсыз кірді" деген айыптар тағылған.

Арқанкергендегі оқиға 30 мамырда мәлім болған. «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Арқанкерген заставасынан 14 шекарашы мен бір қорықшы - барлығы 15 адамның сүйегі табылған.

Маусымның 5-інде тірі қалған жалғыз шекарашы - 19 жастағы Владислав Челах ұсталды. Маусымның 7-сінде Қазақстан бас прокуратурасы Челахтың «қасындағы серіктерін өлтіргенін» мойындағаны туралы хабарлады. Бірақ Челахтың туыстары оның қылмыс жасағанына сенбейтіндерін айтты.
XS
SM
MD
LG