Accessibility links

Алматы әкімдігі телеарнадағы жағдайға түсінік берді


Бейнекамера. (Көрнекі сурет).
Бейнекамера. (Көрнекі сурет).
Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Куянов "Алматы" телеарнасындағы жағдайға қатысты түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews агенттігі. Куяновтың айтуынша, телеарнадағы арнаның бас директорының орынбасарлары Қайрат Балтабаев пен Серік Сарыбаевтың "ойластыруымен" қалыптасуы мүмкін.

"Мен 17 қыркүйекте директордың екі орынбасарына алға қойған міндетті орындамағандары үшін қызметінен өз еркімен кетуді ұсындым. Осыдан соң олар әлгідей жағдайды қалыптастырды деген сенімдемін" деді ол.

Ол бұған қоса өзіне журналистердің "телеарна саясатына ықпал етіп отырады" деген айыбына да түсінік берді. Айтуынша, "қалалық әкімдік телеарнаны бір өзі толық қамтамасыз етіп отырғандықтан арнаның ақпараттық саясатын реттеп отыруға хақы бар".

Өткен аптада телеарнаның ондаған журналисі "басшылықпен келісе алмағандықтан" жұмыстан кететіні мәлім болған. Куяновтың дерегі бойынша, қазірге дейін 26 журналист қызметінен босатылған.

Ал өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазғандар мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов пен мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың атына ашық хат жолдады.
XS
SM
MD
LG