Accessibility links

Рысқалиевтің інісін қамауға санкция берілді


Аманжан Рысқали, бұрынғы Мәжіліс депутаты

Аманжан Рысқали, бұрынғы Мәжіліс депутаты

Атырау қалалық 2-соты 1 қазан күні облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің інісі мәжіліс депутаты Аманжан Рысқалиды екі ай мерзімге тұқындауға санкция берді.

Азаттық тілшісіне осылай деп мәлімдеген Атырау облыстық баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтің айтуынша, оған "2008 жылы алаяқтықпен құрылыс компаниясынан 9 пәтер иеленіп, заңды тұлғаға 200 миллион теңге залал келтірді" деген айып тағылып отыр.

- Әзірге Аманжан Рысқалидың қайда екені белгісіз. Оған қылмыстық кодекстің 177-бабының 3-тармағына сәйкес «алаяқтық жасады» деген айып сырттай тағылып отыр, - деді Боранбай Ғалиев.
XS
SM
MD
LG