Accessibility links

Грузияда бәсекелес партиялардың әрқайсысы жеңгендерін мәлімдеді


Оппозициялық коалиция жақтастары сайлауда "жеңіске жеткендерін" тойлап жатыр. Тбилиси, 1 қазан 2012 жыл.
Оппозициялық коалиция жақтастары сайлауда "жеңіске жеткендерін" тойлап жатыр. Тбилиси, 1 қазан 2012 жыл.
Грузияның басқарушы партиясы мен оппозициялық коалициясының әрқайсысы дүйсенбіде өткен парламент сайлауында "өздерінің жеңіске жеткендерін" жариялап жатыр. Сайлаудағы негізгі қарсыластар - президент Михаил Саакашвилидің "Біріккен ұлттық қозғалысы" және миллиардер Бидзина Иванишвилидің "Грузия арманы" оппозициялық коалициясы болды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 53 пайызы қатысқан. Ал жекеменшік "Имеди ТВ" телеарнасының дерегіне сүйенсек, сайлаушылардың 50 пайызы "Грузия арманы" коалициясы үшін дауыс берген. Бірақ әлдебір сауалнамаларға сүйенген Грузия қоғамдық телеарнасы бәсекелес екі жақ та 33 пайыздан дауыс алғанын хабарлады. Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін сайлауға қатысқан партияларға сайлаудың ресми қорытындысы шыққанша қандай да бір мәлімдеме жасамауды ескерткен.

Бұл жолғы сайлаудың Грузия үшін маңызы зор. Себебі жақында Грузияның саяси жүйесінде реформа жүргізіліп, парламент пен премьер-министрдің өкілеттіктері кеңейтілген.
XS
SM
MD
LG