Accessibility links

Колумбия президенті қатерлі ісікке шалдыққан


Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос.

Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос.

Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос өзінің қатерлі ісікпен ауыратыны анықталғанын мәлімдеді.

61 жастағы Мануэль Сантостың айтуынша, ауру белгілері жаңа пайда бола бастағанда анықталған. Сондықтан оны емдеуге толықтай мүмкіндік бар. Қатерлі ісікті алып тастау операциясы сәрсенбіге жоспарланып отыр.

Мануэль Сантос бұған дейін билікпен ондаған жылдар бойына қарулы күрес жүргізіп келе жатқан әсіре солшыл террористік FARC тобымен бейбіт келіссөздер бастайтынын хабарлаған. Сарапшылардың пікірінше, Сантостың ауруы елдегі ұзақ жылдарға созылған қақтығысты бейбіт түрде реттеуге әсер ете қоюы екіталай.
XS
SM
MD
LG