Accessibility links

Чехияда президент сайлауы 11-12 қаңтарда өтеді


Чехия президенті Вацлав Клаус.

Чехия президенті Вацлав Клаус.

Чехияда алғашқы тікелей президент сайлауы 2013 жылдың 11-12 қаңтарында өтетін болды. Бұл туралы парламент сенатының төрағасы Милан Штех хабарлады.

Чех республикасы құрылған 1993 жылдан бері президентті парламент сайлап келген. Бірақ ассамблея елді одан ары демократияландыру үшін президентті тікелей сайлауға келісім берді.

Сайлау қоғамда "чех саяси партиялары арасында жемқорлық пен саяси тамыр-таныстық жайлап барады" деген пікір пайда болғаннан кейін өтпек.

Бұған дейін екі рет бес жыл мерзімге сайланған Вацлав Клаустың өкілеті аяқталады. Клаусқа дейін 1993-2003 жылдары елді коммунизмге қарсы Вацлав Гавель басқарды.

Алдағы сайлаудағы басты үміткерлер бұрынғы премьер-министр Милош Земан және Ян Фишер болады деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG