Accessibility links

Молдова коммунистік рәміздерге тыйым салды


Молдова коммунистік партиясының жетекшісі Владимир Воронин.

Молдова коммунистік партиясының жетекшісі Владимир Воронин.

Молдовада коммунистік рәміздерді саяси мақсатта қолдануға тыйым салатын заң күшіне енді.

Жаңа заңды шілде айында елдің басқарушы коалициясы - "Еуропалық интеграция үшін" альянсы қабылдаған. Бірақ парламенттегі орынның үштен біріне ие оппозициялық Молдова коммунистік партиясы ол заңды "антиоппозициялық" деп бағалап, қабылдануына қарсы болған.

Молдова коммунистік партиясының жетекшісі Владимир Воронин өз партиясының коммунистік рәміздер - орақ пен балғаны сақтап қалатынын, оны сақтау хақын иелену үшін Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына жүгінетінін мәлімдеді.

Шілдеде молдовалық депутаттар советтік басқыншылыққа арналған бірнеше мұражай ашуға және "Коммунизм қылмыстары" деп аталатын оқулық шығаруға да шешім қабылдаған.
XS
SM
MD
LG