Accessibility links

Астанада Kazenergy форумы ашылды


KAZENERGY Еуразиялық форумының логотипі. (Көрнекі сурет).
KAZENERGY Еуразиялық форумының логотипі. (Көрнекі сурет).
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Еуразиялық Kazenergy форумы ашылды деп хабарлайды Tengrinews агенттігі.

Форумға халықаралық ірі энергетикалық ұйымдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, қазақстандық және шетелдік компаниялардың сарапшылары, шетелдік ақпарат құралдарының өкілдері қатысып жатыр. Форумға Испанияның бұрынғы премьер-министрі, саясаткер Хосе Мариа Азнар да келмекші.

Әлемнің 50 елінен келген делегаттар энергетикалық саланың әлемнің тұрақты дамуына тигізер ролін талқылайды, Қазақстанның ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті сақтаудағы орны, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды деген болжам бар.

Жиында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы да өтпек.
XS
SM
MD
LG