Accessibility links

Жаңаөзенде ереуілдеген мұнайшылардың жалақысы төленді


"Мунай Филд Сервис" компаниясының жұмысшылары ереуілдеп тұр. (Көрнекі сурет).

"Мунай Филд Сервис" компаниясының жұмысшылары ереуілдеп тұр. (Көрнекі сурет).

Жаңаөзен қаласында ереуілдеген "МунайФилдСервис" компаниясы мұнайшыларының жалақысы төленді. Бұл жайында Маңғыстау облыстық сот актілерін орындау департаментінің бастығы Жаңабай Кемелхановқа сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Кемелхановтың айтуынша, облыс прокуроры "компания мұнайшыларға қарыз жалақыларын төлеп берсін" деген шешім шығарған. "Мұнайшылар жұмысқа шықты. Қазір әлеуметтік мәселе шешілді" деді Жаңабай Кемелханов.

Азаттық радиосы компанияның ондаған жұмысшысы 28 қыркүйекте кәсіпорынның жұмысын тоқтатып, қарыз айлық жалақыларын төлеуді және әлеуметтік жағдайын жақсартуды талап еткенін хабарлаған.
XS
SM
MD
LG