Accessibility links

Журналист пен газетке қатысты үкім өзгеріссіз қалды


Шағым иесі Тілекқабыл Имашев (ортада) және газет өкілдері сотта тұр. Орал, 23 сәуір 2012 жыл. («Уральская неделя» сайтынан uralskweek.kz алынған сурет)

Шағым иесі Тілекқабыл Имашев (ортада) және газет өкілдері сотта тұр. Орал, 23 сәуір 2012 жыл. («Уральская неделя» сайтынан uralskweek.kz алынған сурет)

Қазанның 2-сі күні Батыс Қазақстан облыстық аппеляциялық коллегиясы журналист Лұқпан Ахмедьяров пен «Уральская неделя» басылымының құрылтайшысына қатысты шешім шығарды.

- Судья Боранбаев алғашқы инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Ол бойынша «Журналистская инициатива» ЖШС және мен шағымданушы Имашевқа 5 миллион теңге төлеуге міндеттіміз. Сондай-ақ, мақаладағы абзац пен колодаға қойылған оның суретін жоққа шығаруым керек. Сонымен бірге, «Уральская неделя» басылымында мемлекеттік тілде кешірім сұрауым керек, - деді Лұқпан Ахмедьяров.

Журналист бұл шешімге қатысты жоғарғы инстанцияларға шағымданатындығын айтты. Оның сөзінше, «моральдық зардап шектім және денсаулығым нашарлады» деген Имашевтің сотта келтірген дәйектерінде қарама-қайшы тұстар көп.

Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Тілекқабыл Имашев пен баспасөз өкілдері арасында пайда болған дауға 2012 жылы «Уральская неделя» басылымында жарық көрген журналист Лұқпан Ахмедьяровтың «Брат, сват, блат» атты мақаласы себеп болған.

«Жергілікті билік өкілдерінің туыстық қарым-қатынастары» туралы мақалада Тілекқабыл Имашевке қатысты үш сөйлем бар. Онда туыстық байланыстың арқасында «бұрынғы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, қазіргі облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашевтің карьерасының қалай өскені», оның «активінде» бұрынғы премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовтің де бар» екені айтылған.

Тілекқабыл Имашев журналист Лұқпан Ахмедьяров пен «Уральская неделя» басылымының құрылтайшысы үстінен арызданып, моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге талап еткен.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG