Accessibility links

Түркия Тұрғыт Өзалдың сүйегін қайта тексереді


Түркияның бұрынғы президенті Тұрғыт Өзал.
Түркияның бұрынғы президенті Тұрғыт Өзал.
Стамбулда 1993 жылы 65 жасында кенеттен қайтыс болған Түркияның бұрынғы президенті Тұрғыт Өзалдың денесі қайта қазып алынды.

Ресми нұсқа бойынша Тұрғыт Өзал жүрек талмасынан қайтыс болды делінген. Бірақ экс-президент уланып өлді деген күдік айтылып, туыстары көптен бері оның өліміне байланысты тергеу жасата алмай келген. Биыл маусым айында "Тұрғыт Өзалдың кездейсоқ қайтыс болуында күмән бар" деген қорытынды жасалды.

Сарапшылардың болжамы бойынша, қажетті зерттеу жүргізуге бірнеше ай уақыт жұмсалуы мүмкін.

Тұрғыт Өзал - Түркияның кейінгі тарихындағы ең көрнекті саяси тұлғалардың бірі. Ол билікте шамамен 10 жылдай отырды. 1983-1989 жылдары премьер-министр, кейін президент болды.
XS
SM
MD
LG