Accessibility links

Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттады


Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірі. (Көрнекі сурет).
Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірі. (Көрнекі сурет).
Қазақстанда жанармай бағасының қымбаттағаны туралы табиғи монополияларды реттеу агенттігі хабарлады.

Агенттіктің баспасөз қызметінің ақпарына қарағанда, 3 қазаннан бастап дизельді жанармайдың 1 литрінің бағасы - 94 теңге, Аи-80 маркалы бензин - 89 теңге, ал Аи-92 маркалы бензин 110 теңгеге дейін қымбаттаған.

Ресми орган жанармай бағасының өзгеруі Brent маркалы мұнай бағасының қымбаттауына байланысты екенін айтады. Маусым айында ондай маркалы мұнайдың бір баррелі 104,09 АҚШ доллары болған, қыркүйекте ол 114,8 АҚШ долларына дейін қымбаттаған.
XS
SM
MD
LG