Accessibility links

Төтенше жағдай кезінде телерадио хабарлары тоқтай тұрады


Бейнекамера мен микрофон. (Көрнекі сурет).

Бейнекамера мен микрофон. (Көрнекі сурет).

Қазақстандық телерадио хабарларын тарату операторлары, телеарналар мен радио арналары бұдан былай төтенше жағдай бола қалғанда халыққа дереу хабарлау үшін басқа бағдарламаларды тоқтата тұрады. Бұл туралы Қазақстан үкіметі арнайы қаулы шығарды.

Қаулыға сәйкес, төтенше жағдай туралы халыққа хабар тарату құзыретіне төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі және қорғаныс министрлігі ие болады.

Кейбір ерекше жағдайларда төтенше жағдайлар министрлігінің кезекші операторларына жұмыс орнында отырып-ақ арнайы техиникалық құралдар мен тәсілдер арқылы теле және радио хабарларын тосыннан тоқтата тұруға рұқсат етіледі. Бірақ ол туралы теле және радио арналарына дереу ескертеді.
XS
SM
MD
LG