Accessibility links

Бішкектегі митингіде 10 адам жараланды


Шерушілерге қарсы шығарылған қауіпсіздік қызметкерлері. Бішкек, 3 қазан 2012 жыл.

Шерушілерге қарсы шығарылған қауіпсіздік қызметкерлері. Бішкек, 3 қазан 2012 жыл.

Бүгін Бішкекте шерушілер мен полиция арасында болған қақтығыста он адам жараланды деп хабарлады Азаттық радиосының Қырғыз қызметі.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің ақпарына қарағанда, жедел жәрдем қызметімен жеткізілген адамдардың көпшілігінің жарақаттары жеңіл. Он адамның үшеуі оқ тиіп жараланған деген дерек бар.

Бүгін түске дейін "Ата Жұрт" партиясының жетекшісі Камчыбек Ташиев ұйымдастырған бірнеше жүз адам Бішкектің орталығында Құмтөр алтын кенішін мемлекет меншігіне алуды талап етіп, митинг өткізген.

Олар әуелі ел парламенті - Жоғарғы Кеңес ғимаратына басып кірмек болды. Кейін үкімет үйіне беттеді. Бірақ қауіпсіздік қызметкерлері шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған. Полиция бірнеше шерушіні тұтқындады, кейбірін іздестіріп жатыр.

Құмтөр кенішін Канаданың Centerra Gold компаниясы игеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG