Accessibility links

Қырғызстаннан келетін сүт өнімдеріне шектеу қойылды


Сүт өнімдері. (Көрнекі сурет).

Сүт өнімдері. (Көрнекі сурет).

Қазақстанынң ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстаннан импортталатын сүт пен сүт өнімдерін кіргізуге шектеу қойды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Министрліктің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 3 қазаннан бастап Қырғызстанның бірнеше сүт өңдеу кәсіпорындарынан келетін сүт пен сүт өнімдерін кіргізуге тыйым салған. Бұған Қырғызстанның ветеринарлық қызметінің аусыл ауруы тараған аймақтарда орналасқан сүт өңдеу кәсіпорындары туралы ақпарат бермей отырғаны себеп болған.
XS
SM
MD
LG