Accessibility links

Челахты тергеу аяқталды


Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.

Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.

14 серігі мен орманшыны өлтірді деген күдікке ілінген шекарашы Владислав Челахтың үстінен қозғалған іс бойынша тергеу аяқталды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Бас прокуратураның ресми өкілі Асқар Әбділдиннің айтуына қарағанда, тергеу 1 қазанда аяқталған. Қазір адвокаттар іс материалдарымен танысуға мүмкіндік алған. Бірақ прокуратура өкілі істің сотқа қашан жіберілетінін айтпады.

Ал Челахтың адвокаты Төлеген Берліқожановтың айтуынша, іс сотқа қарашаның ортасында жіберілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG