Accessibility links

Қызылағаш бөгенін қалпына келтіру басталды


Қызылағаш апаты құрбандарына орнатылған ескерткіш. 6 тамыз, 2010 жыл.
Қызылағаш апаты құрбандарына орнатылған ескерткіш. 6 тамыз, 2010 жыл.
Бүгін Алматы облысы Ақсу ауданындағы Қызылағаш су бөгенін қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Құрылыстың алғашқы кезеңінде 12 шақырымдық автокөлік жолын төсеу және 16 шақырым электр желісін тарту жоспарланған. Онан соң бөгеннің өзі мен өзге қосалқы құрылыс нысандары салынады.

Республикалық бюджеттен 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген бөген құрылысы 2014 жылы аяқталуы тиіс. Жергілікті шаруалар ауылдың болашағы жаңа су бөгеніне тікелей байланысты екенін айтады.

Үш жарым мыңдай тұрғыны бар Қызылағаш ауылында 2010 жылы наурыздың 12-сіне қараған түні су қоймасы жарылып, апаттан 45 адам қаза болды. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің мәліметі бойынша 146 үйді толығымен су ағызып әкеткен, 251 үй қираған, 42 үйге жөндеуді талап ететіндей зардап келген.

Бұл оқиға бойынша қозғалған қылмыстық істі қараған сот былтыр ақпанда су бөгетінің иесі, «Қызылағаш» кооперативінің басқарма төрағасы Қуаныш Бекеевті, Қызылағаш ауылдық округінің бұрынғы әкімі Есет Жүнісов пен оның інісі – «Қызылағаш» кооперативінің директоры Мұхит Жүнісовті кінәлі деп тауып, әрқайсысын бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын. Кейін олар рақымшылық заңына ілініп, бостандыққа шықты.
XS
SM
MD
LG