Accessibility links

Қызылорда облысында мектеп өртеніп кетті


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін түнде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қыраш ауылдық округінде №180 Қызыл мақташы орта мектебі түгелдей жанып кетті деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалғыз қабатты мектеп ғимаратында өрт шыққаны туралы суыт хабар түнгі сағат 2-ден 26 минут кеткенде түскен. Өрт таңертең 7 сағат 40 минутте өшірілген.

Өрттің көлемі 1 мың 310 шаршы метрді құраған, яғни мектеп түгел жанып кеткен. Өрттен адамдар зардап шеккен жоқ деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.
XS
SM
MD
LG