Accessibility links

Иордания патшасы парламентті таратты


Иордания патшасы ІІ Абдолла.

Иордания патшасы ІІ Абдолла.

Иордания патшасы ІІ Абдолла бейсенбі күні парламентті таратып, елде мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы жарлық шығарды. Алайда сайлаудың дәл қай күні өтетіні әзірге белгісіз. Бұған дейін патша 2012 жылдың соңына дейін сайлау өткізу керек екенін айтқан, сондай-ақ елде саяси реформалар өткізуге уәде берген.

Елдегі «Мұсылман бауырлар» қозғалысы саяси реформалар өткізуді талап етіп, жұртты бүгін, яғни жұма күні жаппай шеруге шығуға шақырған. Бұл қозғалыс елдің премьер-министрін патша тағайындап қоятын қазіргі жүйені өзгерту қажет екенін айтады.

Иорданияда биліктен саяси реформалар өткізуді талап еткен бейбіт наразылық акциялары былтырдан бері жалғасып келеді. Бірақ аймақтағы өзге мемлекеттерге қарағанда, Иорданиядағы наразылықтар жаппай сипат алған жоқ.
XS
SM
MD
LG