Accessibility links

HRW: Ресейдегі ахуал нашарлап барады


Human Rights Watch ұйымының Мәскеудегі бюросының қызметкері Татьяна Локшина. Мәскеу, 4 қазан 2012 ж.
Human Rights Watch ұйымының Мәскеудегі бюросының қызметкері Татьяна Локшина. Мәскеу, 4 қазан 2012 ж.
Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы қазіргі кезде Ресейде адам құқығын қорғаушыларға қатысты ахуал нашарлай түскенін мәлімдеді. Халықаралық ұйымның Мәскеудегі бюросында жұмыс істейтін Татьяна Локшинаға соңғы кезде түрлі қоқан-лоқы айтылған SMS-хабарламалар келген.

Ол хаттардың мазмұнынан Локшинаны әлдекімдердің аңдығанын, оның мекен-жайы мен жүкті екендігінен де хабардар екенін аңғаруға болады дейді Human Rights Watch ұйымының атқарушы директоры Кеннет Рот.

Ол Ресейдің билік орындарын бұл оқиғаны мұқият зерттеп, елде құқық қорғаушылар үшін еш кедергісіз жұмыс істеуге қолайлы ахуалды қамтамасыз етуге шақырды.
XS
SM
MD
LG