Accessibility links

ТЖМ: кейбір нысандарда төтенше оқиға қаупі бар


Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко 2013 жылы елдегі кейбір энергетика нысандарында, магистральды электр желілері мен газ құбырларында төтенше оқиғалардың болуын жоққа шығармайды.

Министр бұл туралы бүгін Астанада төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтқанын қазақстандық ақпарат құралдары хабарлады. Божко бұл қауіпті аталған кәсіпорындардағы құрал-жабдықтардың әбден тозығы жетуімен байланыстырған.

«Со л себепті алдағы жылы төтенше жағдайлар болуы мүмкіндігін жоққа шығармай, оларды алдын ала болжауымыз керек», - деген министр Божко.
XS
SM
MD
LG