Accessibility links

Қызыл кітапқа енген құстарға қауіп төніп тұр


Үстірт жотасын мекендейтін дала қыраны.

Үстірт жотасын мекендейтін дала қыраны.

Атырау облысында электр тарату желісі Қазақстанның Қызыл кітабына енген ондаған құстың ажалына себеп болып отырғаны туралы ресейлік "Дронт" экологиялық орталығының өкілі Марк Пестов айтты.

Маманның айтуынша, былтыр электр желісінің бойымен 400 шақырым жердегі жағдайды бақылаған арнайы экспедиция 136 құстың өлексесін жолықтырған.

"Атырау облысының аймағында жыртқыш құстардың 15 түрі мекендейді, ал ол аймақпен өтетін кернеуі 6-10 киловатт электр желісінің ұзындығы 8 мың шақырымға жуық. Заң бойынша кәсіпорындар ондай электр желісіне құсты қорғайтын арнайы құрылғылар орнатуы керек, бірақ ондайды жасайтындар аз" дейді Пестов.
XS
SM
MD
LG