Accessibility links

Түркия Сирияның әуе соққысына тағы жауап қайтарды


Түркияның Сириямен шекарасы аймағында тұрған түрік әскері. 5 қазан 2012 ж.
Түркияның Сириямен шекарасы аймағында тұрған түрік әскері. 5 қазан 2012 ж.
Жұма күні Сирия жерінен атылған мина Түркияның оңтүстігіндегі елдімекендердің біріне келіп түскен соң түрік қарулы күштері де оған жауап ретінде соққы берген. Осылай деп мәлімдеген түрік шенеуніктері бұл жолы түрік жағынан ешкім зардап шекпегенін айтып отыр.

Бұл оқиғаның алдында ғана түрік премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Түркия соғысты қаламайтындығын, бірақ жағдай өте шиеленісіп тұрғанын мәлімдеп, Сирияны Түркияның төзімін тауыспауға шақырған еді.

Сәрсенбінің кешінде Түркияның шекара маңындағы елді мекені Сирия жағынан минометтен атқыланып, соның салдарынан 5 адам қаза тапқан болатын. Түркия үкіметі оқиға туралы дереу НАТО-ға, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунге хабарлаған. Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, әскерилер Сирия территориясындағы бірнеше нысанға қарата соққы жасаған.

Бейсенбіде БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Түркия аумағына шабуыл жасалғаны үшін Сирия билігіне қатты сын айтты.
XS
SM
MD
LG