Accessibility links

Пан Ги Мун: Иранда қарапайым халық қиналып отыр


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Иранның ядролық жойқын қару жасауына жол бермеу мақсатында халықаралық қауымдастық тарапынан енгізілген санкциялардан сол елдегі қарапайым халықтың қиындық көріп жатқанын мәлімдеді.

Бас хатшы өз баяндамасында санкцияның салдарынан Иранда инфляция күшейіп, жұмыссыздықтың көбейгенін, тұрғындардың ең қажетті заттар мен дәрі-дәрмектен тарығып отырғанын атап айтты.

Осы аптада Иранда ұлттық ақшаның күрт құнсызданып кетуі халықтың наразылығын туғызды. Ресми Тегеран ядролық бағдарламаның тек бейбіт мақсат көздейтіндігіне әлем қауымдастығын сендіруге тырысса, АҚШ және өзге де батыс елдері Иран ядролық қаруға ие болғысы келеді деп күдіктенеді.
XS
SM
MD
LG