Accessibility links

Оппозициялық белсенділер Путинді мерейтойымен «құттықтамақ»


Владимир Путиннің карикатуралық портреті, 22 мамыр 2007 жыл
Владимир Путиннің карикатуралық портреті, 22 мамыр 2007 жыл
Бүгін Ресей президенті Владимир Путин 60 жасқа толады. Ол туған күнін президент немесе премьер-министр лауазымында жүріп 14-ші рет атап өткелі отыр деп жазады ресейлік басылымдар.

Президент баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзіне қарағанда, Путин туған күнін жақын туыстарымен бірге тойламақ.

Ал оппозициялық белсенділер Путиннің мерейтойына байланысты Мәскеудің орталығында «Атамызды зейнетке шығарып салайық» деген акция өткізбекші. Рұқсатсыз жасалатын бүл акция флэш-моб түрінде болмақ.

Сондай-ақ Кремль қанатының астындағы кейбір жастар қозғалыстары бірқатар қалаларда Путиннің туған күнін атап өтпекші.
XS
SM
MD
LG