Accessibility links

Уго Чавес төртінші мерзімге қайта сайланды


Венесуэла президенті Уго Чавес.

Венесуэла президенті Уго Чавес.

BBC ақпараты бойынша, Венесуэлада өткен президент сайлауында Уго Чавес төртінші президенттік мерзімге қайта сайланды. Елдің қазіргі президентіне сайлаушылардың 54,42 пайызы дауыс берген. Чавестің сайлаудағы қарсыласы, оппозиция жетекшісі Энрике Каприлесті дауыс берушілердің 44,97 пайызы қолдаған.

Уго Чавес Венесуэла билігіне 1998 жылы келді. Ол - социалист; Ресей, Иран және Беларусьтің одақтасы. Чавестің президенттік мерзімі Латын Америкасы елдеріндегі басқа мемлекет басшыларынан асып кетті.
XS
SM
MD
LG