Accessibility links

Путинді "зейнетке шығарып салушылар" тұтқындалды


Ресей президенті Путинді зейнетке шығуға шақырған белсенділер осындай плакат ұстап шықты. Мәскеу, 7 қазан 2012 жыл.
Ресей президенті Путинді зейнетке шығуға шақырған белсенділер осындай плакат ұстап шықты. Мәскеу, 7 қазан 2012 жыл.
Мәскеуде қазанның 7-сі күні 20 шақты белсенді тұтқындалды. Олар Ресей президенті Владимир Путинді 60 жасқа толған туған күнімен құттықтап акция өткізді.

Акцияға қатысушылар Мәскеудегі Плевна батырлары ескерткішінің маңына жиналып, "Путинді зейнетке шығарып салайық" деген ұран тастаған.

Полиция қызметкерлері белсенділердің Путиннің зейнет жасына келгенін, зейнетке кетуі керек екенін емеурінмен білдіретін "сыйлықтарын" Ресей президентіне тапсыруына мүмкін бермеді.

Акцияға келген бірқатар белсенділер дәстүрге айналған "еркіндік серуенін" ұйымдастырды. Онда белсенділер саяси тұтқындарды бостандыққа шығаруды талап еткен.

Тұтқындалған белсенділердің көпшілігін полиция хаттама толтырмастан босатқан. Мәскеу ішкі істер басқармасында бір ғана адам - Денис Патрикеев қамауда қалды. Оған "полицияға бағынбады" деген айып тағылып отыр.

Осы тектес шаралар сол күні Ресейдің басқа да қалалары - Петербург пен Самарада да өтті.
XS
SM
MD
LG