Accessibility links

Ресей мен Қазақстан Байқоңырға қатысты келісе алмады


Байқоңырдан ұшырылған Ресей зымыраны. 15 маусым 2012 жыл.

Байқоңырдан ұшырылған Ресей зымыраны. 15 маусым 2012 жыл.

Ресейлік "Известия" басылымының хабарлауынша, Ресей мен Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағында зымыран ұшыратын "Бәйтерек" кешенін салу туралы келісімге келе алмаған.

"Известия" газетінің жазуынша, "бұл (келісімге келе алмау) әлемде зымыран ұшыру жағынан бірінші орын алатын тарихи космодромның дамуын тоқтатады". Басылымға сұхбат берген "Роскосмос" мекемесінің өкілі:

- Жаңа кешенді салу туралы келісім тығырыққа тірелді. Келіссөздер әлі аяқталмағанымен, екі жаққа да тиімді шарттар табылмады. Қазақстан жағы жаңа кешенді тең, яғни 50 де 50 қағидасымен қаржыландыруды ұсынып отыр. Егер олай болса, Ресей 800 миллион доллар құюы керек болады. Бұл бізге тиімсіз, - деген.

"Бәйтерек" кешені алғашқы келісім (2004 жыл) бойынша Қазақстан қаржысына салынатын болған. Мәскеу Астанаға жаңа кешенді Ресей жыл сайын төлейтін 115 миллион доллардың есебінен салуды ұсынған. Одан бері көп нәрсе өзгерді, ең бастысы - Ресей "Восточный" атты жаңа ғарыш айлағын салып жатыр" деп жазады ресейлік басылым.
XS
SM
MD
LG