Accessibility links

Жалал-Абадта депутаттарды босатуды талап етті


Депутаттарды босатуды талап еткен шеру. Қырғызстан, 5 қазан 2012 жыл.

Депутаттарды босатуды талап еткен шеру. Қырғызстан, 5 қазан 2012 жыл.

Қазанның 8-і күні Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында "Ата-Жұрт" партиясының депутаттары Камчыбек Ташиев, Садыр Жапаров пен Талант Мамытовты қамаудан шығаруды талап еткен митинг өтті.

Наразылар депутаттарды абақтыдан үйқамаққа шығаруды сұрады. Митингіге шыққандардың кейбірі қырғыз үкіметін "Құмтөр" алтын кенішін мемлекет меншігіне қайтаруға шақырған.

Жиналған жұртқа Жалал-Абад облысының ресми өкілі Жүсіпәлі Торомаматов шығып, наразы жұрттың талабы билікке жеткізілетінін, депутаттардың тағдырын сот шешетінін айтқан.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, митингіге үш-төрт мың адам келген. Бірақ милиция бұл ақпаратты растамай отыр. Куәлердің сөзіне қарағанда, қарсылық акциясына мың жарымға тарта адам қатысқан.

Аталған үш депутат Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысына қазанның 3-і күні қамалды. Оларға "Құмтөр" кенішін мемлекет меншігіне алуды талап еткен митинг кезінде "билікті күшпен басып алуға тырысты" деген айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG