Accessibility links

Козлов жеті жарым жылға сотталды


Екінші қатарда солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Екінші қатарда солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Бүгін Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Бердібек Мырзабеков оппозиция белсенділеріне - «Алға» партиясының басшысы Владимир Козловқа, белсенділер Серік Сапарғали мен Ақжанат Әминовке үкім шығарды.

Twitter'дегі ақпаратқа қарағанда, Владимир Козлов 7 жыл 6 айға сотталып, мүлкі тәркілеуге үкім етілген. Оған "әлеуметтік араздықты қоздырды", "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыптар тағылған еді.

Бұл іс бойынша сотқа тартылған Серік Сапарғали - шартты түрде 4 жылға, Ақжанат Әминов шартты түрде 5 жылға сотталды.

Сотталушылар сот кезіндегі сараптама шығындарын да өтеуге тиіс.
XS
SM
MD
LG