Accessibility links

Назарбаев пен Путин Мәскеуде кездеседі


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин, Павлодар, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин, Павлодар, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Бүгін Мәскеуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин келіссөздер өткізеді. Назарбаев көрші елдің астанасына Путиннің шақыруы бойынша барды деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Ресей кездесу тақырыбы энергетика, ғарыш және өнеркәсіп, екі елдің арасындағы тікелей сауда-экономикалық байланыстарға арналатынын хабарлады.

Назарбаев пен Путин өткен айда Палодарда Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумында кездесті. Оның алдында маусымда Ресей президенті Қазақстанға сапармен келген еді.
XS
SM
MD
LG