Accessibility links

Түрменің 6 қызметкері тұтқын өліміне қатысты сотқа тартылды


Шамиль Ярославлев - Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК-159/7 колониясында қайтыс болған тұтқын. 5 қараша 2011 жыл.

Шамиль Ярославлев - Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК-159/7 колониясында қайтыс болған тұтқын. 5 қараша 2011 жыл.

Қарағанды облысындағы Долинка кентінде орналасқан АК 159/7 түзеу мекемесінің алты қызметкерінің үстінен қозғалған іс бойынша сот өтіп жатқаны туралы ақпарат "Жетінші телеарнаның" сайтында жарияланды.

Бұл алты адам "қызмет өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 2011 жылы қарашада аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан Шамиль Ярославлев деген азаматтың мезгілсіз қазасына себепші болған" деген айыппен сот алдында жауап беріп отыр.

Қазір сотта куәгерлердің жауаптары тыңдалып жатыр. Жәбірленуші тарап "бұл қылмысқа қатысы болғандардың кейбірі жауапкершіліктен сытылып кетіп отыр" деп санайды. Осыған байланысты марқұмның туыстары қосымша тергеу өткізуді талап етпек.

Тұтқын Шамиль Ярославлевтың жансыз денесі 2011 жылы қараша айында түрмеде тәртіп бұзғандарды жеке ұстайтын арнайы камерадан табылған еді.
XS
SM
MD
LG