Accessibility links

АҚШ Козловтың үкіміне алаңдаушылық білдірді


Владимир Козлов (оң жақта) пен оның адвокаты Венера Сәрсембина сот үкімін тыңдап тұр. Ақтау, 8 қазан 2012 ж.

Владимир Козлов (оң жақта) пен оның адвокаты Венера Сәрсембина сот үкімін тыңдап тұр. Ақтау, 8 қазан 2012 ж.

Бүгін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі оппозициялық саясаткер Владимир Козловқа шығарылған сот үкіміне байланысты алаңдаушылық білдірген мәлімдеме таратты.

"Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасымен стратегиялық әріптестігімізді және Қазақстан Республикасының халыққа ашықтығы мен демократияға ұмтылысын жоғары бағалайды. Осы әріптестіктің аясында Владимир Козловқа қарсы қозғалған сот ісіне, оған қоса оппозицияны жақтаушылардың үнін өшіруде сот жүйесін пайдалануға байланысты алаңдаушылығымызды атап өткіміз келеді" делінген елшіліктің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Дүйсенбі күні Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауданаралық қылмыстық соты тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың мүлкін тәркілеп, өзін жеті жыл алты ай жазаға кесу туралы үкім шығарды. Ал Ақжанат Әминов шартты түрде - бес жылға, Серік Сапарғали шартты түрде төрт жылға сотталды.

Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Козловқа шығарылған сот үкіміне байланысты Қазақстанды сынға алды.
XS
SM
MD
LG