Accessibility links

Атырауда жұмысшылар еңбекақы төлеуді талап етті


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Атырау қаласында балық өңдейтін «Атыраубалық» кәсіпорнының жұмысшылары өздеріне бірнеше айға тиесілі еңбекақының төленуін талап етіп пикет өткізді деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

Олардың айтуынша, кәсіпорында жұмыс істейтін 500-дей адам биылғы наурыз айынан бері еңбекақысын ала алмай жүр. Кәсіпорынның оларға жалпы қарызы 30 миллион теңгеден асып отыр. Талап айтып келгендермен кездескен Атырау қаласының прокуроры Есенжан Досанов бұл мәселені анықтап, бір айдың ішінде шешіп беруге уәде берген.

Былтыр Атырау облысының сол кездегі әкімі Бергей Рысқалиев «Атыраубалық» кәсіпорны банкрот болудың алдында тұрғанын айтып, оның негізінде «Жайық Балық» деп аталатын мемлекеттік кәсіпорны құрылғанын, жаңа кәсіпорынға «Атыраубалықтың» балық аулау флоты пен құрал-жабдықтарының бір бөлігі берілгенін мәлімдеген еді. Жаңа кәсіпорынға бюджеттен 3,5 млрд. теңге. бөлінген. Қазір ол істердің заңдылығын қаржы полициясы тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG