Accessibility links

Сауат Мыңбаев «ҚазМұнайГаз» басшылығына сайланды


Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды деп хабарлайды «ҚазТАГ» агенттігі.

«Самұрық-Қазына» қорының басқармасы ҚМГ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Өмірзақ Шүкеевтің өкілетін мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдаған. Қор басқармасында өткен мәжілістің бұл жөніндегі хаттамасы бүгін Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған.

Сонымен бірге ол құжатта қор басқармасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі келісім берген жағдайда» Нұрлан Рахметовты директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлауға шешім қабылдағаны айтылған.
XS
SM
MD
LG